Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл.

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл.

Жыланды ауылдық округінде 9 ақпан – қазақ поэзиясының мұзбалағы, ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті. Биыл қазақтың қара өлеңін биікке көтерген, ұлттық поэзияның көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр.

Мұқағали Мақатаев – уақытпен өлшенбейтін, ұлт руханиятында өшпес із қалдырған дара тұлға. Ақынның өлеңдері – сағыныш пен махаббаттың, ел мен жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің, халықтың жүрек үнінің
Қарапайым сөз арқылы терең ой мен күрделі сезімді жеткізе білген ақынның жырлары бүгінгі күнге дейін әрбір қазақтың жан дүниесін тербеп келеді.

Мұқағали Мақатаевтың мол мұрасы – мәңгілік. Оның өлеңдері ұлт жадында сақталып, халық жүрегінде мәңгі өмір сүре береді.