
Жарқын болашақ – белсенді жастардың қолында!
Жыланды лицейінің ең үздік әрі белсенді көшбасшы оқушылары облыстық көшбасшылар форумына қатысып, оқу ордамыздың абыройын асқақтатып қайтты. Аталған форум қатысушылар үшін тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар жеке дамуға, жаңа бастамалар мен тың жобаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды платформа болды.
Форум аясында оқушылар:
– білікті спикерлердің мазмұнды баяндамаларын тыңдап, жаңа идеялармен танысты;
– көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тренингтерге қатысты;
– өзге білім беру ұйымдарының белсенді жастары арасында тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстар орнатты.
Форумнан жоғары деңгейде әсер алып, жаңа серпінмен оралған оқушыларымыз алдағы уақытта лицей өміріне тың бастамалар мен әлеуметтік жобаларды енгізуге дайын екендіктерін көрсетті. Білім мен белсенділікті қатар ұштастырған жас көшбасшыларымызға алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!