Ауыл мектебіне жаңа мүмкіндік: Жыланды лицейімен білім беру саласындағы ынтымақтастық.

Ауыл мектебіне жаңа мүмкіндік: Жыланды лицейімен білім беру саласындағы ынтымақтастық.

«Дарын, даму, жетістік: Жыланды лицейімен ынтымақтастық меморандумы»

Білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, дарынды оқушыларды қолдау және оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру мақсатында «Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен серіктес ұйым арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Бұл ынтымақтастық – ең алдымен өңірдегі ауыл мектептері үшін берілген үлкен мүмкіндік. Аталған әріптестік тек құжат жүзіндегі келісіммен шектелмей, дарынды балалар мен талапты тұлғаларды нақты қолдауға бағытталған маңызды әрі шынайы қадам болып табылады.

Серіктестік аясында ауыл және қала мектептері арасындағы өзара байланыс нығайып, білім беру кеңістігіндегі алшақтықты азайтуға мүмкіндік туады. Әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибе алмасу, зияткерлік орта қалыптастыру арқылы ауыл оқушыларының сапалы білім алуына және олардың әлеуетін толық ашуына жағдай жасалады.

Мұндай жүйелі жұмыс ауыл баласының да өз қабілетін танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне, болашақта ел дамуына үлес қосатын білікті тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады.