Қарабұлақ орта мектебінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу және құрметтеу шарасы өтті

Қарабұлақ орта мектебінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу және құрметтеу шарасы өтті

Қарабұлақ орта мектебінде "Ешкім де ұмытылмайды, Ештеңе де ұмыт қалмайды" атты Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу және құрметтеу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушылар шағын концерт қойып, соғыс жылдарындағы әндер мен өлеңдерді орындады. Ардагерлер мен ақсақалдар баталарын беріп, жас ұрпаққа өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Соғыс ардагерлерінің ұрпақтары өздерінде сақталған медальдар мен фото суреттерді көрмеге қойып, өткен тарихты еске салды. Іс-шара соңында Құран оқылып, дастархан жайылды.

Бұл шара жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, тарихымызды ұмытпауға үндейді.