7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті округ тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген ер азаматтарға деген құрметтің белгісі. «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Сіздердің ерлік пен батылдықтарыңыз, Отанға деген адал қызметтеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміздің аспаны ашық, болашағымыз жарқын болсын!

 

Құрметпен, Парасат Азаматұлы Қожабеков 

Жанама ауылдық округінің әкімі