18 сәуір — Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аясында Жанама ауылдық округінде Қабанбай батыр ескерткішін тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ескерткіш маңы қоқыстан тазартылып, аумақ абаттандырылып, ретке келтірілді. Ауыл жастары мен белсенділер тазалық жұмыстарына атсалысып, өз үлестерін қосты.
Бұл акцияның мақсаты — тарихи және мәдени мұраны сақтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихи ескерткіштерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, сонымен қатар көпшіліктің назарын мәдени-тарихи орындарды қорғауға аудару.
Қабанбай батыр — елдің тәуелсіздігі үшін күрескен, қазақ халқының бірлігі мен тұтастығын сақтауда ерен ерлік көрсеткен тарихи тұлға. Оның рухына тағзым ету — әрбір азаматтың парызы.