
«Армандарды мотивацияға жүзеге асыру» атты мотивациялық кездесу аясында Жанама орта мектебінде тағылымы мол, мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған кездесуге мектептің мақтанышы, оқу орнының түлегі, Маншүк Тұрсынбайқызы және композитор, жас әнші Қанат Әмірханов арнайы қатысып, мектеп жастарының сұхбат алаңында болды.
Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа бағыт-бағдар беру, олардың бойындағы арман мен мақсатқа деген сенімді нығайту, сондай-ақ табандылық пен еңбектің арқасында биік жетістіктерге жетуге болатынын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында қонақтар өздерінің өмір жолы, шығармашылықтағы алғашқы қадамдары, өнер саласындағы жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, олар жетістікке жетудің басты құпиясы – үздіксіз ізденіс, еңбекқорлық, білімге құштарлық және өз мақсатыңа деген сенім екенін атап өтті.
Мектеп оқушылары қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Кездесу әсерлі әңгімелерге, тағылымды ойларға және жылы лебіздерге толы болды. Осындай тағылымы мол кездесулер жастардың болашаққа деген сенімін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен серпін беретіні сөзсіз.