
Бүгін ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың қаһармандығы еске алынып, 1941–1945 жылдардағы сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым жасалды.
Мерекелік іс-шара барысында тұрғындар мен жастар аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Батырлар рухына құран бағышталып, бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Жеңіс жолында жанын қиған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт аспанымыз ашық болсын!