
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жанама ауылында орналасқан 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш аумағында тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ескерткіш маңы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Аталған жұмыстар – өткенге деген құрметтің және болашақ ұрпаққа үлгі боларлық игі істің көрінісі.
Осындай қоғамдық маңызы зор бастамаларға атсалысу – әрбір азаматтың ортақ парызы.