1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара

Қарабұлақ орта мектебінде округ әкімдігімен бірлесіп, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың өнерін, салт-дәстүрін, ұлттық киім үлгілерін және ұлттық тағамдарын таныстырды. Шара қатысушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз өнерлерін көпшілікке паш етті.

Мереке соңында белсенділік танытқан оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.