Қазақстанда балаларды қорғаудың бірыңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізілуде

Қазақстанда балаларды қорғаудың бірыңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізілуде

Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне дер кезінде әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі бекітілді. Аталған бірлескен бұйрық «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.