Жанама ауылында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” акциясы өтті

Жанама ауылында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” акциясы өтті

Жанама ауылында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кең ауқымды акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда пара беру мен пара алудың құқықтық жауапкершілігін түсіндіру, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Акция барысында қатысушыларға пара беру де, пара алу да заң бойынша қылмыс болып табылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың заң талаптарын сақтау міндеті бар екені атап өтілді. Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат беріліп, тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратылды.