
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға атаулы қолдау көрсету мақсатында өңірлік Мансап орталықтарының жұмысын жетілдіруде. Министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде жаңа алгоритм таныстырылды: енді негізгі күш-жігер «басым топқа» – өз бетінше жұмыс табуы қиын үміткерлерге бағытталады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.