
Жанама ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекелік шара округ әкімінің құттықтау сөзінен бастау алып, ауылдың үздік азаматтарын марапаттаумен жалғасын тапты.
Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары мен ауыл жастарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мереке барысында тігілген қазақ үйлерде ұлттық тағамдар ұсынылып, тұрғындар дәм татты. Сондай-ақ арқан тарту, қазақша күрес, қошқар көтеру, қол күресі, гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
Бұл мереке ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеген тағылымы мол шара болды.