Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті

Қарабұлақ ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті. Мерекелік іс-шараға ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

Іс-шара барысында ауыл ақсақалы Қасым ата ақ батасын беріп, жиналған қауымға ізгі тілектерін білдірді. Округ әкімі П. Қожабеков ауылдың белсенді тұрғындарына алғыс хаттар мен марапат қағаздарын табыстады.

Сонымен қатар, мереке аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Әр көше тұрғындары Наурыз көже дайындап, дастархан жайып, ұлттық дәстүрлерді насихаттады.

Мереке жоғары деңгейде өтіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.