Жанама ауылдық округінде Наурыз мерекесін атап өту онкүндігі аясында 19 наурыз – Жаңару күні ерекше мазмұнда ұйымдастырылды

Жанама ауылдық округінде Наурыз мерекесін атап өту онкүндігі аясында 19 наурыз – Жаңару күні ерекше мазмұнда ұйымдастырылды

Жаңару күнінің мәнін айшықтай түсу мақсатында округ әкімі Парасат Азаматұлы, мектеп директоры Айнагүл Тезекбайқызы, орынбасарлар және ауыл тұрғындары бірлесіп, мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Аталған іс-шара табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көркейту және өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында өткізілді. Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа деген қамқорлықтың және жарқын келешекке деген сенімнің белгісі.

Жаңару күні аясындағы бұл игі бастама тұрғындар тарапынан қолдау тауып, ауылдың көркеюіне өз үлесін қосты.