Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жанама ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты жиын өткізілді.

Жиын барысында округ әкімі П. Қожабеков мамандарға заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аппарат қызметкерлеріне жаңа нормаларды күнделікті жұмыс барысында дұрыс қолдану қажеттігі атап өтілді.