Жанама ауылдық округінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жанама ауылдық округінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жанама ауылдық округінде аудандық кітапхана мекемесі мен Жанама қазақ орта мектебінің басшыларының қатысуымен үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – округ тұрғындарына, әсіресе өскелең ұрпаққа кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу және жылжымалы кітапхана қызметін ұйымдастыру болып табылады.

Аталған бастама ауыл тұрғындарының кітап қорына қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ жастардың білімге деген қызығушылығын дамытуға бағытталған. Кітап – ұрпақ тәрбиесінің, білім мен парасаттың қайнар көзі. Сондықтан өскелең ұрпақтың кітап арқылы алған білімі мен тәрбиесінің маңызы ерекше.

Алдағы уақытта меморандум аясында бірлескен мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.