
Жанама ауылдық округі әкімдігі жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) онлайн алу жолдары, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалану тәртібі түсіндіріліп, практикалық көмек көрсетілді.