Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Алғыс айту күніне орай ауылымыздың ардақты ақсақалы Кекбаев Оразғазының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтау білдірілді.
Кекбаев Оразғазы ақсақал – ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан қадірлі қария. Саналы ғұмырын еңбекпен өрнектеп, ауылдың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан абзал жанға шынайы алғыс айтылды.
Қадірлі ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы тілейміз. Осындай өнегелі тұлғалардың өмір жолы – кейінгі буынға үлгі.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!