«Өрт қауіпсіздігі» және «Газ пайдалану қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Өрт қауіпсіздігі» және «Газ пайдалану қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алакөл ауданы аумағында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен тамақтану орындарында «Өрт қауіпсіздігі» және «Газ пайдалану қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге өрттің алдын алу шаралары, эвакуация жолдарының талапқа сай болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы, сондай-ақ газ құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, мамандар нысандарда өртке қарсы қорғаныс талаптарын сақтау, қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізу және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету алгоритмін түсіндірді.

Аталған іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.