
Іс-шараға ардагерлер мен мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында мектеп ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, оқушылар патриоттық әндер орындады. Шара барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ардагерлердің өмір жолы мен әскери қызметі туралы мазмұнды әңгімелерін тыңдады.
Кездесу соңында Қойшыманов Өмірсерік – Алакөл ауданы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы – жас ұрпаққа ақжарма тілегін білдіріп, елін сүйетін, білімді әрі отансүйгіш азамат болуға шақырды.
Тағылымды шара өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға ықпал етті.