
Жанама ауылдық округінде құқықтық кабинет аясында тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Қабылдау барысында азаматтарға жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, еңбек даулары, тұрғын үй және өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, өтініштерді рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, қажетті құжаттар тізімі бойынша кеңес берілді. Азаматтардың сұрақтары жеке қабылдау барысында қаралып, кейбір мәселелер бойынша тиісті мекемелерге жолдамалар берілді.
Құқықтық кабинет алдағы уақытта да тұрғындарға тұрақты түрде қызмет көрсететін болады.