Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді

"Жанама ауылдық округі әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі мамандарының ұйымдастыруымен Жетісу облысы әкімдігінің бекітілген облыстық кешенді медиа жоспары аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – неке мәжбүрлеудің, сталкингтің және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру.

Кездесу барысында қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары және құқық қорғау тетіктері жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құқықтық кеңестер беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Іс-шараның басты міндеті – қоғамда заңға құрметті арттыру және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.