«Зорлық-зомбылықсыз қоғам» акциясы өтті

«Зорлық-зомбылықсыз қоғам» акциясы өтті

Қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты акция ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар, ақпараттық парақшалар таратылып, зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамда төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.