Аналар кеңесінің отырысы өтті

Аналар кеңесінің отырысы өтті

Aналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа округ әкімі қатысты.
Жиын барысында Аналар кеңесінің 2026 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары қаралып, бекітілді. Сонымен қатар кеңес құрамына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа құрам ресми түрде мақұлданды.

Отырыс барысында отбасы құндылықтарын нығайту, ана мен бала мәселелері, қоғамдағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен бастамалар бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Ұсыныстар алдағы уақытта іске асырылатын болады.