
Ауылдық округ аумағында су шаруашылығы саласы бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге су шаруашылығы саласының мамандары, сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қатысып, тұрғындармен ашық форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, суармалы егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ету, каналдар мен су арналарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері назарға алынды. Аталған кездесу су шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға және кері байланысты нығайтуға бағытталды.