Egov бұрышы – тұрғындарға ыңғайлы қызмет алаңы

Egov бұрышы – тұрғындарға ыңғайлы қызмет алаңы

Жанама ауылдық округінде тұрғындарға Egov порталының мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Egov бұрышының қызметі, электрондық үкімет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кең көлемде мәлімет берілді.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ашып, онлайн мемлекеттік қызметтерді дербес пайдалануды үйренді.

Аталған шара:

  • тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға;

  • мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетуге;

  • уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жанама ауылдық округі тұрғындарына көрсетілетін ақпараттық қолдау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.