Ресми ақпарат

Ресми ақпарат

Жанама ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан спорт кешенінде қызметтік таныстыру іс-шарасы өтті.
Аталған шара барысында спорт кешенінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған Шаяхметов Бахтұр Нығметұлы мекеме ұжымына таныстырылды.

Кездесу барысында спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты қолдау, ауыл жастарын спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы алдағы жұмыстар талқыланды.

Жаңа қызмет иесіне жауапты міндеттер жүктеліп, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз.