
Жанама ауылында «Бәрі бір батырмамен» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға Egov электронды үкімет порталының мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, мемлекеттік қызметтерді оңай әрі қолжетімді түрде алу жолдарын көрсету.
Шара барысында ауылдық округ әкімдігі ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы туралы ақпарат беріліп, тұрғындарға қажетті анықтамалар мен құжаттарды электронды түрде өз бетінше алу жолдары түсіндірілді. Акция тұрғындар тарапынан қызығушылықпен қабылданды.