Е-gov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Е-gov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Жанама ауылдық округі әкімдігінде халыққа ыңғайлы болу мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы жұмыс істейді. Аталған бұрышта ауыл тұрғындары электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін өз бетінше ала алады. Атап айтқанда, мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы мәліметтер және тағы басқа анықтамалар электронды түрде қолжетімді. Сонымен қатар, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілтін қашықтан алу және қайта шығару қызметтері де көрсетіледі.

Бұрышта қызмет алушыларға көмек көрсету үшін жауапты маман бекітілген. Бұл бағытта округ тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдету – басты мақсаттардың бірі болып табылады.