Жанама ауылында «Достық–Ақтоғай–Мойынты–Жарық–Жезқазған–Сексеуіл–Қандыағаш–Ақтөбе–Илецк» теміржол көлік дәлізін жаңғырту мақсатында пайдаланылатын, Жетісу облысының Сарқан және Алакөл аудандарында орналасқан 7 учаскеде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жобасына байланысты ашық жиналыс әдісімен қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Тыңдау ZOOM платформасы арқылы онлайн және офлайн форматта өтті. Қоғамдық тыңдауға жобаны әзірлеуші мамандар, экология саласының сарапшылары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Тыңдаудың мақсаты – жергілікті халықты жобамен таныстырып, олардың ұсыныс-пікірлерін ескеру.