Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық акция өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық акция өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кезекті ақпараттық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың зияны мен салдары туралы түсіндіріліп, арнайы дайындалған таратпа материалдар (буклеттер, парақшалар) таратылды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.

Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері мен хабарлау тетіктері жөнінде ақпарат берілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігі байқалды.