4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Жанама ауылында Мемлекеттік рәміздер күніне орай балғындарға арналған мазмұнды шеру ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті сіңіру.

Шеру түрлі жас топтарына бөлініп өтті:

- 1 жасқа дейінгі сәбилер мен аналар (арбасымен):
«Болашақ – осы арбаларда, еліммен бірге өсемін!» ұранымен.

- 2-3 жас аралығындағы балалар аналарымен (велосипедпен):
«Ана жүрегі мен көк Тудың астында – бейбіт балалық шақ!» ұранымен. 

- 4-5 жас аралығындағы балалар (өздері велосипедпен):
«Мен – Тәуелсіз елдің ертеңімін!» ұранымен.

- 7 жас шамасындағы балалар (самокатпен):
«Самокатпен самғаған ұрпақ – биікке ұмтылған Қазақстан!» ұранымен.

- 8 жастан жоғары балалар (велосипедпен):
«Ел болашағы – белсенді, спорт сүйгіш жастарда!» ұранымен.

- Жеткіншектер (электросамокат пен мопедпен):
«Тәуелсіздік рухы – жаңашыл ұрпақпен жалғасады!» ұранымен.

Шара барысында балалар көтеріңкі көңіл-күймен мектеп алаңында жүріп өтті. Әрбір топ мемлекеттік рәміздердің бейнелерімен, ту ұстап, атаулы күннің маңызын паш етті. Шара балалардың есте қаларлық қуанышты күніне айналды.