«Балалар үні» атты пікірсайыс ойындары өткізілді

«Балалар үні» атты пікірсайыс ойындары өткізілді

«Қарабұлақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Балалар үні» атты пікірсайыс ойындары өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың өз болашағына сеніммен қарап, армандарына жету жолдарын саралауына мүмкіндік беру, ойлау қабілеттерін дамыту және еркін сөйлеуге баулу.

Пікірсайыс барысында оқушылар өз көзқарастарын дәлелдеп, өзекті мәселелерді ортаға салып, болашаққа деген сенімдерін білдірді.

Дебат жетекшісі – Ахметова Д.Е.