"Батырлардың рухы асқақ, есімі мәңгі!»

"Батырлардың рухы асқақ, есімі мәңгі!»

Жайпақ ауылдық округінде Ұлы Жеңіс күніне арналған тағылымды жиын өтті.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Жайпақ ауылдық округінде «Батырлардың рухы асқақ, есімі мәңгі!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен ардагерлерінің рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Бір минут үнсіздікпен жауынгерлер мен ардагерлер еске алынды. Жиынға қатысушылар ерлік пен елдік жолында жанын қиған батырлардың есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз!