Таза Қазақстан – таза болашақ!

Таза Қазақстан – таза болашақ!

Жайпақ ауылдық округі бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 28 наурыз күні ауқымды сенбілік өткізілді.

Сенбілік барысында барлық мекемелер өз аумақтарын тазалап, ауыл тазалығына үлес қосты.
Іс-шараға  78  адам қатысып, 1 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 4 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстарына:
мектеп, ауылдық дәрігерлік амбулатория, балабақша ,
ауылдық округ әкімдігі белсенді атсалысты.

Бірге таза орта қалыптастырайық!