Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

2026 жылғы 15 ақпан күні Алакөл ауданының Даңқ аллеясында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға 70-ке жуық адам қатысып, жиналған қауым Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсім барысында Алакөл аудандық орталық мешітінің наиб имамы Зарқұм Ербол құран бағыштап, марқұмдардың рухына дұға жасады.

Іс-шараның мақсаты – ерлік көрсеткен азаматтардың есімін ұлықтау, олардың ерлігіне тағзым ету және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.