Отбасы күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Отбасы күніне арналған мерекелік жиын өтті.

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай Жағатал ауылдық округі әкімшілік ғимаратында «Жанұя» отбасын қолдау орталығының басшысы Садиев Алмат Тезекбайұлының қатысуымен мазмұнды мерекелік жиын өтті.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда отбасы институтының маңыздылығын арттыру және ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, бірлік пен ынтымақты нығайту.

Шара барысында ауданнан арнайы келген қонағымыз ауыл тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтап, отбасы институтының қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесі, отбасылық ынтымақ пен өзара құрмет мәселелері жайында кең көлемде ой бөлісті. Сондай-ақ, қатысушыларға өмірлік маңызды кеңестер мен отбасын нығайтуға бағытталған ұсыныстар айтылды.