«Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында»

«Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Жағатал ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылындағы Қабанбай батыр атындағы орта мектеп аумағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен мектеп ұжымы қатысып, майдан даласында ерлік көрсеткен батыр бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы батырлар ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі ұрпаққа үлгі екені атап өтіліп, бейбіт өмір мен ел тыныштығының қадірін білу – әр азаматтың парызы екендігі айтылды.