
Жағатал ауылдық округінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай тағылымды кездесу өтті. Іс-шара барысында Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан ардагер Ахметбаев Алмаз Жанахметұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында елге сіңірген еңбегі мен ерлігі дәріптеліп, жастарға өнегелі әңгіме айтылды.
Сонымен қатар, Ауған соғысы ардагері Нұрламанов Бөкен Атықанұлының үйіне арнайы барып, құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, елін қорғаған азаматтарға деген құрметті арттыруға бағытталған.