«Тарихқа тағзым – ұрпаққа үлгі»

«Тарихқа тағзым – ұрпаққа үлгі»

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Жағатал ауылдық округінде тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, тарихи орындарға гүл шоқтары қойылды. Аталған шарада округ әкімі, Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі сөз сөйлеп, тарихи-мәдени мұраларды сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, өткенді құрметтеу арқылы болашаққа дұрыс бағдар қалыптастыратынымыз айтылды. Бүгінгі іс-шара – тарихқа тағзым, ұрпаққа үлгі.