
Жастар арасында зиянды заттардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді
Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы жастар арасында зиянды заттарды (вейп, алкоголь) пайдалану мен таралуының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жастар көп шоғырланатын орындарда түнгі рейдтік іс-шараларға қатысты.
Рейд барысында қоғамдық орындар, дүкендер мен көшелерде жүрген жасөспірімдер тексеріліп, олардың зиянды заттарды пайдаланбауына бақылау жүргізілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге вейп, алкоголь және басқа да зиянды заттардың адам денсаулығына әсері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.