
Жағатал ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлының 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Құрметті аяулы аналар, ардақты әжелер, қадірлі апа-қарындастар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел – отбасының ұйытқысы, берекесі мен бірлігінің тірегі. Ана мейірімі мен әйел жүрегінің жылуы әр шаңыраққа қуаныш пен бақыт сыйлайды. Сіздер қоғамның барлық саласында табысты еңбек етіп, елдің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Сонымен қатар ұрпақ тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ауылымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер.
Біздің округімізде де көпбалалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, еңбек ардагерлері мен түрлі салада қызмет етіп жүрген нәзік жандылар бар. Сіздердің еңбектеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Осы айтулы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті аналар мен арулар! 🌷