«Анамен әлем әдемі» атты мерекелік шара өтті

«Анамен әлем әдемі» атты мерекелік шара өтті

«Анамен әлем әдемі» атты мерекелік шара өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жағатал ауылдық округінде «Анамен әлем әдемі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, зейнет жасындағы ардақты аналарымыз бен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиында округ әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы аяулы аналарымызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық пен бақ-береке тіледі.
Іс-шара барысында Аналар кеңесінің төрайымы К.Танатова шашу шашып, аналарға құрмет көрсетті. Мереке аясында аналарымызға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Басшығұл Рақымхан ақсақал да аналарымызға жүрекжарды тілегін білдіріп, жылы лебізін жеткізді.
Мерекелік шара Қазақстан ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.