Жағатал ауылдық округі әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтті.

Жағатал ауылдық округі әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес, Жағатал ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы округ тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдық округтің 2025 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері жан-жақты баяндалды. Атап айтқанда, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді. Әкім өз баяндамасында ауылішілік жолдарды жөндеу, көше жарығын орнату және жаңарту, мәдениет және спорт нысандарын дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша жүзеге асқан жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, аталған жұмыстардың тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қолайлы орта қалыптастыруға және ауылдың тұрақты дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Жиын соңында округ әкімінің жеке қабылдауы өткізіліп, азаматтар өздерін толғандырған жеке сұрақтары бойынша өтініш-тілектерін білдірді. Түскен өтініштер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалуы бақылауға алынды.