Жағатал ауылдық округі әкімі Қайрат Берікбайұлы Тұрлыбековтың Респубилка күніне арналған құттықтау сөзі  

Жағатал ауылдық округі әкімі Қайрат Берікбайұлы Тұрлыбековтың Респубилка күніне арналған құттықтау сөзі   

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ел тәуелсіздігі тарихындағы орны ерекше, маңызы зор – Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін баршамыз үшін айрықша тарихи мәні бар күн – Республика күнін ерекше қуанышпен, зор мақтанышпен қарсы алып отырмыз. Бұл мереке – халқымыздың ғасырлар бойғы арман-тілегінің орындалып, ел тәуелсіздігіне жол ашқан күн.

Бүгінде Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен, өз жолы мен өз беделі бар қуатты мемлекетке айналды. Бұл – ел басшыларының дана саясаты мен халқымыздың бірлігі мен еңбегінің нәтижесі.

Республика күні – өткенге тағзым етіп, келешекке сеніммен қарауға шақыратын қасиетті мереке. Бұл күн – Отанымызға деген мақтаныш пен елдік рухты асқақтататын, әр жүрекке патриоттық сезім ұялататын ерекше күн.

Осы мерейлі күні Сіздерді шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен молшылық тілеймін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз мәңгі болсын!