
2025 жылдың қазан айында Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы У.Угиев «Алкогольді ішімдіктерді пайдалану» санаты бойынша округте есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізді.
Іс-шара барысында инспектор есепте тұрған азаматтардың тұрмыс жағдайын бақылап, олардың құқықбұзушылыққа бармауы үшін алдын алу шараларын түсіндірді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану, алкогольден бас тартудың денсаулыққа пайдасы және қоғамдағы жауапкершілік жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында әрбір азаматпен жеке әңгіме өткізілді. Олардың әлеуметтік жағдайы, отбасы ортасындағы қарым-қатынасы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұхбаттар алынып, қажетті кеңестер берілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – округте құқықбұзушылықтың алдын алу, есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу және олардың қалыпты өмір сүруіне ықпал ету болып табылады.