
2025 жылдың қазан айының 14-і күні «Ұлттық рухтың бастауы – мемлекеттік рәміздер» айлығы аясында «Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ-нің 4 «А» сыныбында «Рәміздерім – мәртебем, мерейім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік қасиетін арттыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдету, оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мәліметтермен танысып, рәміздердің шығу тарихына шолу жасады. Оқушылар рәміздерге арналған өлеңдер оқып, тақырыпқа сай суреттер салды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар арқылы алған білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың рухани-патриоттық сезімдерін оятуда маңызды рөл атқарды.