Жануарларды серуендету және күтіп-ұстау ережелері түсіндірілді

Жануарларды серуендету және күтіп-ұстау ережелері түсіндірілді

Жануарларды серуендету және күтіп-ұстау ережелері түсіндірілді

Жағатал ауылдық округінде жануарлардың иелеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны ауылдық ветеринариялық пункт мамандары ұйымдастырды.

Түсіндіру барысында тұрғындарға үй жануарларын серуендету кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, иттерді арнайы қарғыбаумен алып жүру, қоғамдық орындарда иесіз қалдырмау, сондай-ақ жануарларды күтіп-ұстау мен ветеринариялық қызметке уақтылы жүгіну қажеттілігі туралы кеңестер берілді.

Сонымен қатар, жануарлардың иелері ҚР қолданыстағы ветеринариялық және әкімшілік заңнамалары бойынша жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.